|
Басты бет |
---|
Ақпарат |
Халық ақындары |
Аңыздар |
Ақындар |
Жазушылар |
"Жыр жауһар" клубы |
Байланыс |
Мен Алиева Назерке Сакенқызы 1989 жылы наурыздың 25 жұлдызында Жезқазған қаласында дүниеге келдім. 1995 жылы Түгіскен мектебінің 1-сыныбына қабылдандым. 1996 жылы Жәйрем кентіне көшуімізге байланысты сол қаладағы №10 орта мектебінің 2а-сыныбына қабылдандым. 2004 жылы 9-сыныптан кейін Қарағанды Гуманитарлық колледжінің шет тілі бөліміне оқуға түстім. Қазір осы колледждің 3 курсында оқимын. Шығармалары: Көктем келді күлімдеп
Баекенов Жанат Рүстемұлы 1987 жылдың 7 қыркүйек жұлдызында Қарағанды облысының Қасиетті Ұлытау ауданының Қаракеңгір кеңшарында дүниеге келген. 1995 жылдың күз айында ең алғаш мектеп табалдырығын аттады. Мектеп қабырғасында оқып жүрген алғыр да, зерек Жанат оқуды ұқыпты оқып, достарының арасында сыйлы,үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарады. 2005 жылдың жаз айында мектепті жақсы нәтижемен аяқтап, Қарағанды қаласындағы Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті жанындағы Ақпараттық Технологиялар және Бизнес колледжінің “Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару" мамандығы бойынша оқуға түсті. Бүгінгі таңда осы оқу орнының 3-курс студенті. Қазіргі таңда Қарағанды қаласындағы студенттер қауымының белсенді мүшесі. Шығармалары: Мен Балабаева Айнагүл Таупыққызымын. 1989 жылы тамыздың 8- ші жұлдызында Бұқар-жырау ауданы, Ботақара кенті, Ақжар ауылында жарық дүниеге келгенмін.1996 жылы аудандық № 1 қазақ орта мектебінде оқып, 2005 жылы орта біліммен айяқтадым,осы жылы Қарағанды гуманитарлық колледжінің бейнелеу өнері және сызу бөліміне түстім,қазір 3-шi курс студентімін. Өлеңдерім аудандық "Сарыарқа" газетінде жарық көрді. Сонымен қатар мектеп қабырғасында жарық көрген. "Балдәурен" газетінің тілшісі болдым. Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми- әмбебап кітапханасында құрылған "Жыр Жауһар" поэзия клубының мүшесі. Шығармалары:
Аты-жөні: Бекжанов Айбек
Шығармалары: "Нұқсан мен құстар" немесе Тұрсынбай мен Таранино
Керімсал Кеңесбекұлы (Ерқанат Кеңесбеков), 1986 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Матақ ауылында өмірге келген. Шығармалары:
Мен, Қуаныш Абдоллаұлы Медеубаев 1987 жылдың 12-қарашасында Қарағанды қаласында дүниеге келдім. 1994 жылы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов атындағы кеңшарына қарасты, Ақбай-Қызылбай бөлімшесінде алғаш мектеп табалдырығын аттадым. 1996 жылы Көктас ауылына көшіп келіп, 2005 жылы жергілікті мектепті тәмамдап шықтым.
Шығармалары: Мирзахметов Алмаз Әмірбекұлы 1987 жылдың 4 қазанында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Қарынши ауылында дүниеге келген. Бастауыш сыныптарды жергілікті ауылда оқып, 5 сыныптан бастап Жамбыл Жабаев атындағы дарынды балаларға арналған №7 мектеп-интернат гимназиясында жалғастырған. Оқуды Астана облысы №26 орта мектебінде аяқтады. Қазіргі таңда Қарағанды гуманитарлық колледжі Ш-05 Б тобы "Бастауыш сыныпта жалпы білім беру" бөлімінің студенті.Қарағанды гуманитарлық колледжінің жанындағы "Құрбылар" клубының төрағасы;
Шығармалары: |
© Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОҒӘК